Армения парламенті жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Ваагн Хачатурянды президент етіп сайлады. Бұл туралы заң шығарушы органның есеп комиссиясының басшысы Нарек Бабаян мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости сайты.
Ваагн Хачатурян президенттікке жалғыз үміткер болған. Хачатурянның кандидатурасын билеуші "Гражданский договор" партиясы ұсынды. Бірінші турда оған тек 69 депутат дауыс берген.