Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин туған жеріне барды. Бұл жайында даңқты боксшы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Үйіңе келу қашан да бақыт», - деп жазды әлеуметтік желіде Геннадий Головкин.
Бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің Геннадий Головкинмен кездесіп, GGG-дің балалық шағы өткен «Майқұдық» шағын ауданындағы спорт нысандарын қалпына келтіру мәселесін талқылағанын жазған едік.
«Геннадий Головкинмен кездесіп, Нью-Йорктегі жеңісімен құттықтауға мүмкіндік туды. Бірге отырып Қарағанды облысының спорт саласының дамуын талқыладық. Геннадий ерекше жылылықпен және қамқорлықпен «Майқұдықтың» спорт инфрақұрылымы туралы сұрады. Келесі жылы атақты «Литейщик» стадионын қалпына келтірумен айналысамыз және Магнитогорская көшесін толық жөндеуден өткіземіз деп уәде бердім», - деп жазды облыс әкімі Facebook парақшасында.