Фото: ktf.kz
Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстанға қайтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
12 шілдеде еліміздің бірінші ракеткасы, "Уимблдон-2022" турнирінің чемпионы Елена Рыбакина Нұр-Сұлтанға келеді. Спортшының күн тәртібі толық. Бірінші журналистермен баспасөз мәслихаты өтеді, кейін ол жас спортшылармен және жанкүйерлермен кездеседі.
"Құрметті қазақстандықтар! Мен үйге бара жатырмын. Уимблдонда көрсеткен қолдауларыңыз, мен үшін жеңіс болды. Рақмет, қолдауларыңызды сездім. Бәріміз бірге тарихта қалдық және бұл өте керемет сезім! Дәл осы жеңіс, дәл осы тарихи сәт менің өмірімде болып жатқанына әлі де сене алар емеспін", - деді Елена Рыбакина.