17 қаз, 2021 сағат 22:36

Үстел теннисінен ел кубогі: Кімдер жеңіске жетті?


Алматыда үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі додасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы финалдық кезеңде Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Ақтөбе облысы командасынан 3:1 есебімен басым түсті. Үшінші орынды Қарағанды облысы иеленді. 

Әйелдер арасындағы финалда Қарағанды облысының құрамасы Шымкент спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Үшінші орын ШҚО командасына бұйырды.