22 желтоқсанға қараған түні Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта ауыр салмақ дәрежесінде WBC, WBA және WBO чемпиондық белбеулерінің иегері Александр Усик пен осы салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри арасында реванш жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Ult.kz.
фото: isport.ua
Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша украиналық боксшы жеңіске жетті.
Төрешілердің шешімімен жекпе-жек 118-112 есебімен Усиктің пайдасына аяқталды.
Жекпе-жектен кейін IBF чемпионы, британдық Даниэль Дюбуа рингке шығып, Усиктен реванш сұрады. Усик оған дайын екенін білдіріп, Турки әл-Шейхтен реванш жекпе-жегін ұйымдастыруды сұрады.
Осылайша, украиналық боксшы кәсіпқой спорттағы 23-жеңісіне, чемпиондық жекпе-жектердегі 12-жеңісіне және бұрынғы немесе қазіргі әлем чемпиондары үстінен 10-жеңісіне қол жеткізді. Ал Фьюри өзінің кәсіпқой бокстағы 2-жеңілісін мойындады.