27 жел, 2019 сағат 16:31

Ұшақтың құлау себептерін бас мемлекеттік еңбек инспекторы анықтап жатыр

Алматы маңында ұшақтың құлау себептерін бас мемлекеттік еңбек инспекторы нақтылап жатыр. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап "Ұлт ақпарат" хабарлайды.

«Қазіргі уақытта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Нұрғалиев апат орнында жұмыс істеп жатыр және әуе апаттың мән-жайы мен себептерін анықтауда» делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланады.

Айта кетейік, кеше таңғы мезгілде Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия барды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді.