27 жел, 2019 сағат 11:07

Ұшақ апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды - ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы қаласының маңындағы ұшақ апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-тармағы бойынша (әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеуді бастады. ІІМ орталық аппаратының, Алматы және Алматы облыстық көліктегі полиция департаменттерінің, сонымен қатар Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлерінен – тәжірибелі тергеушілер, криминалистерден жасақталған жедел тергеу тобы құрылды», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, оқиға орны күзетке алынды. Апат болған жердегі жұмыстарды үйлестіру үшін Ішкі істер министрінің орынбасарлары, полиция генерал-майорлары Рашид Жақыпов пен Юрий Ильин оқиға орнына жетті.