Төтенше жағдайлар комитеті Алматы маңындағы ұшақ апаты кезінде құтқару жұмысы қалай жүргенін айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ұшақ апаты туралы ақпарат алған соң ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Ахуал орталығы базасында апат салдарын жою және өзара іс-қимыл жасайтын шұғыл және мүдделі азаматтық қорғау қызметтерінің (ІІМ, ИИДМ, ДСМ, Қорғанысмині, ЭМ, АШМ, ЦДИАӨМ, Қазгидромет және ҰҰ) іс-қимылын үйлестіру жөніндегі республикалық жедел штаб құрылды. Республикалық жедел штаб бастығы – ТЖК төрағасының орынбасары, полковник Т. Қ. Нұрмағамбетов
Сонымен қатар, аумақтық деңгейде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы және Қостанай облыстарының ТЖ департаменттерінде, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында 2 штаб құрылды.
«ТЖК ахуал орталығында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы қалаларында, Алматы және Қостанай облыстарында зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін «қауырт желі» ұйымдастырылды. Қауырт желі нөміріне 917 қоңырау түсті, зардап шеккендердің 30 туысына шұғыл психологиялық көмек көрсетілді. Жедел желі телефондарына Нидерланды, АҚШ, Филиппин, Финляндия, Ресей, Словакия және Германия елшілігінен қоңырау келіп түсті. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында зардап шеккендердің туыстарына шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, бұл жұмысқа 23 психолог, оның ішінде ТЖК Апаттар медицинасы орталығының 2 психологы және 1 бригадасы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарынан 18 психолог және әуежайдың 3 психологы жұмылдырылды» делінген хабарламада.
Ұшақ апаты кезінде зардап шеккендер үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары ТЖД жеке құрамы қан тапсырды.
Құтқару операциясына барлығы 984 адам, 72 техника және 33 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды: Алматы қаласы және Алматы облысы ТЖД (60 қызметкер мен 16 техника) , ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағы (24 қызметкер, 4 кинологиялық есеп және 4 техника) , Алматы қаласы ІІД (470 полиция қызметкері мен 40 техника) , ҰҰ (420 адам мен 10 техника) , Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі (10 қызметкер мен 2 техника) .