19 там, 2016 сағат 11:19

Усэйн Болт Олимпиада ойындарының сегіз дүркін чемпионы болды

Әйгілі ямайкалық спринтер Усэйн Болт өзінің спорттық мансабында Олимпиада ойындарының сегізінші медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Риодағы Олимпиада-2016 ойындарында 200 метр қашықтықта финалдық жүгіруде жеңіске жеткен. Ол жарыс жолын 19,78 секундта кесіп өткен. Күміс медальді канадалық Андре де Грассе иеленді, ол 20,02 секундта келген. Ал қола медальді жеңіп алған франциялық спортшы Кристоф Лемэтрдың көрсеткіші 20,12 секунд болды.

Осыған дейін Риода 100 метр қашықтықта Болт мәре сызығын бірінші болып келіп, жеңімпаз атанған еді.