Астанада радио және интернет журналистикасы саласы бойынша ел тарихындағы тұңғыш «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған байқауға 800-ден астам үміткер өтініш білдірген. Олардың ішінен 75 номинант іріктеліп, жеңімпаздар қорытынды кеште белгілі болды.
Байқау жеңімпаздарына естелік мүсін мен 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді.
Жеңімпаздар тізімі төмендегідей:
"Үздік фотосурет" номинациясында - Ерлан Омаров;
"Үздік сараптамалық материал" номинациясында "Казахстанская правда" республикалық газетінің журналисі - Фиронова Валентина;
"Үздік радиобағдарлама" номинациясында "Шалқар" радиосының "Ән домбыра" бағдарламасы;
"Үздік репортаж" номинациясында - Олжас Беркінбаев;
"Үздік аймақтық радиостанция" номинациясында - "Астана" радиосы;
"Үздік салалық баспасөз басылым" номинациясында - "Дружные ребята" газеті;
"Үздік жыл журналы" номинациясында "National Geografic Қазақстан" журналы;
"Журналистикадағы дебют" номинациясында "7kun.kz" сайтының журналисі - Мөлдір Иманмәди;
"Үздік журналистік зерттеу" номинациясында "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі - Жанболат Аупбаев;
"Үздік интервью" номинациясында "Капитал" республикалық газетінің тілшісі - Виктория Говоркова;
"Үздік аймақтық баспасөз басылымы" номинациясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті - "Рейтинг" газеті;
"Қазақстан туралы үздік танымдық материал" номинациясында "Егемен Қазақстан" республикалық газетінің тілшісі - Думан Анаш;
"Үздік халықаралық сараптамалық материал" номинациясында "vlast.kz" сайтының журналисі Зарина Ахматова, "Афганистан близко" атты мақаласы;
"Үздік республикалық баспасөз басылымы" номинациясы "Айқын" республикалық газеті.