Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы тағы екі жүлдеге ие болды.
Фристайл-акробатикадан Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова күміс және қола жүлдені ел қоржынына салды.
Жібек Арапбаева 60.84 ұпаймен екінші орыннан көрінсе, Жанбота Алдабергенова 60.48 ұпаймен жүлделі үштікті түйіндеді. Бұл сында алтын медаль қытайлық Чжу Иньиньнің еншісіне тиді.
Айта кетсек, осыған дейін шаңғы жарысында жерлесіміз Анна Шевченко қола медаль алған болатын.
Фото: Massaget.kz