02 ақп, 2017 сағат 11:53

Универсиада - 2017. Галышева Қазақстан құрамасына төртінші алтын сыйлады

Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші алтын медаль түсті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс медальді ресейлік Анастасия Первушина (62.13) еншілесе, австриялық Катарине Рамзауэрге (52.05) қола жүлде бұйырды.

Еске салайық, Іріктеу сайысының қорытындысы бойынша Галышев 67,06 балл жинап, финалға шыққан болатын. 

Жерлестеріміз жалыкомандалық есепте 4 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен екінші орынды сақтап тұр.