02 ақп, 2017 сағат 10:00

Универсиада - 2017. Ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты

Алматыда өтіп жатқан Универсиадада биатлон бойынша спринттік жарыста қазақстандық спортшы Галина Вишневская жеңіске жетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол 7,5 шақырымға спринт сайысында сынға түсіп, үздік танылып отыр. Отандасымыз өз қашықтығын 21 минут, 43,1 секундта бағындырды.

Екінші орынды украиналық спортшы Яна Бондарь місе тұтса, үшінші орынға ресейлік Анастасия Егорова табан тіреді.

Еске сала кетейік, бұл Вишневскаяның Универсиада жолындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін спортшымыз 15 шақырымға жекелей сынға түсіп, тек Алина Райкованы алға жіберіп, күміс жүлде алған еді.

Осылайша Универсиада ойындарындағы Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтынмен толықты.