Үндістан билігі ел тұрғындарынан алынған анализдерден бұрын кездеспеген қос мутациясы бар коронавирус анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ВВС ақпараттық агенттігі.
Қазіргі кезде сарапшылар бұл штамның қаншалықты жұқпалы екенін және оның вакциналарға төзімділігінің деңгейін тексеру үстінде. 18 штатта алынған 11 мыңға жуық анализдің ішінен мамандар 771-інің ғылымға бұрыннан белгілі вирусты анықтады. 736 анализ нұсқасынан британдық вирус, 34-інен – оңтүстікафрикалық вирус және бір бразилиялық вирус анықталған.
Бұл ретте, мамандардың айтуынша, көптеген штамдардың бар болуы ауруға шалдығудың өршуімен тікелей байланысты емес.
Сәрсенбі күні Үндістанда коронавирус жұқтырудың 47 262 жаңа оқиғасы мен 275 өлім жағдайы тіркелген – бұл биылғы жылда тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Құрамына елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен 10 жетекші ұлттық зертхана кіріп отырған Үндістанның SARS-CoV-2 геномикасы жөніндегі консорциумы (INSACOG) вирустың соңғы үлгілерін гендік жағынан зерттеді.
Нәтижесінде батыстағы Махараштра штатынан жиналған үлгілердің болмашы бөлігінен өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда E484Q және L452R мутацияларының үлесі байқалып отырғаны анықталған.
Вирустар мутацияға жиі ұшырап отырады, алайда олар уыттылықтың артуы немесе аурудың асқынуына әкелмейді. Олай болғанымен, кейбір мутациялар, мысалы, британдық немесе оңтүстікафрикалық мутациялары вирусты бұдан да жұқпалы, тіпті өлімге әкелетіндей ете алады.