27 шіл, 2020 сағат 09:54

Үндістанда коронавирус вакцинасы алғаш рет адамдарға егіліп, сынақтан өткізілуде

Үндістан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғаш рет адамдарға егіп, сынақтан өткізуді бастады, деп хабарлайды AP агенттігі.

Нью-Делидегі оқу ауруханасының жетекшісі Жалпыүнді медициналық ғылымдар институты жұма күні коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы сынамалық дозасын адамға салғанын мәлімдеді. 

Коваксин вакцинасы - әлемдегі адамдарға сынақ жасалып жатқан жиырмаға жуық вакцинаның бірі. Жалпыүнді медициналық ғылымдар институты Коваксиннің екі фазалық Рандомизирленген, плацебо-бақыланатын, Коваксиннің қосарлы бақылау клиникалық зерттеулерін жүргізу үшін медициналық зерттеулер жөніндегң Үндістанның медициналық зерттеу кеңесі таңдаған 12 мекеменің қатарына кіреді.

Айта кетейік, мұнда тәулігіне коронавирус жұқтырған 50 000 жағдай тіркелген.