25 ақп, 2021 сағат 15:33

Үндістан мен Пәкістан оқ атуды тоқтату туралы келісімге келді

Үндістан мен Пәкістан әскерилері Кашмирдегі даулы шекара бойында оқ атуды тоқтатуға келісті. Бұл туралы Үндістан және Пәкістан әскери операциясы Бас штабының бірлескен мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Тараптар екі ел бақылауындағы аудандарды бөлетін желіде (Line of Control; LOC) атыстарды тоқтату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Үндістан мен Пәкістан өкілі бақылау және басқа да саладағы жағдайды бағалап, проблемалар мен келіспеушіліктерді шешуге өзара күш салуға келісті.

 

 

"Екі тарап 2021 жылы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнінен бастап бақылау сызығы бойында және барлық басқа учаскеде атысты тоқтату туралы келісімдерді қатаң сақтауға келісті", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

 

 

Кашмирдегі саясаткерлер атысты тоқтату міндеттемесін құптайтынын айтты.

 

 

"Екі ел де зорлық-зомбылық пен қантөгістің шексіз айналымын тоқтатқысы келсе, ортақ диалог орнату - жалғыз шешім", - деді Ұлттық демократиялық партия мүшесі Джамму мен Кашмир Мехбуба Муфти.

 

 

Екі ядролық держава 1947 жылы ұлыбританиялық отаршыл үстемдіктен тәуелсіздік алғаннан бері Кашмирдегі егемендік туралы дау-дамайға байланысты үш рет соғыс жүргізді. Бұған дейін үнді әскери күштері Пәкістанның арнайы қызметтеріне эротикалық фотосуреттер орнына мемлекеттік құпияны бергені туралы хабарланған еді.