Англияда Covid-19 вирусына қарсы жаппай вакциналаудың жеті хабы ашылды. Көрме орталықтары мен футбол стадиондары, корольдік отбасының танымал ипподромының жанында адамдарға екпе егу орындары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды BBC агенттігі.
Жаппай вакциналауға артылып отырған сенім жоғары, себебі елде коронавирустың «британдық штаммын» жұқтырғандар саны өсіп келеді.
Жалпы Британияның екі миллион тұрғын ауруға қарсы екпе алды.
Ел билігі күзге қарай Британияның барлық ересек тұрғындарына екпе жасауды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Ұлыбританияда B.1.1.7 атаулы коронавирустың жаңа штамы анықталды. Кейін ол әлемнің 41 еліне және Ресейге тарап үлгерді.