25 нау, 2019 сағат 17:25

Ұлттық жаңғырудың жаңа белесі

Бүгінгі таңды рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғыртуда мектеп дамуының қазіргі кезеңінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойларын қалыптастыру жұмыстары күн тәртібіндегі мәселе. Оқушылардың бойында ұлттық сананы оятып жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіруде мектеп мұғалімдерінің көп жылдық педагогикалық жұмыстарының нәтижелі даму көрсеткіштерін жаңғырту қажет.

Еліміздегі оқушылар, рухани жаңғырудың негізгі мақсаты табысты ел болуымыздың кепілі екенін біліп өсіп келеді. Бұл тұрғыдан келгенде ұстаздар қауымы өскелең жас оқушыларды тәрбиелеуде, отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге деген санасын оятып, оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын қолға алған.

Бүгінгі заманда білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Білімнің шырағы жалпыға ортақ болуға тиіс. Ақпараттық дәуірде кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауын қалыптастыруда табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Еліміз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында және өз мақалаларында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялады. Осылайша біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Бұл мақсаттарға жету жолында мектеп дамуының қазіргі кезеңінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауын қалыптастыру аса қажет.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауын қалыптастыруда рухани жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар біріншісі ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, екіншісі ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде болашақ мұғалімдердің педагогикалық ойлауын қалыптастыру бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасын мынадай төрт кіші бағдарламаға «Тәрбие және білім», «Рухани қазына»,  «Атамекен» және «Ақпарат толқыны»  деп бөлініп, жобалар мен іс-шараларды бекітуге болады. Мұны экономикалық жағынан алып қарағанда жалпы жобаға мынанша қаржы кетеді. Оның ішінде «Тәрбие және білім» бойынша құны 1 миллиард 948 миллион теңгеге бағаланған 27 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. «Рухани қазына» бағдарламасы аясында 23 жоба қолға алынады. Жобаның құны — 84,4 миллион теңге. Сондай-ақ, «Атамекен» бағдарламасы бойынша екі бірдей ірі жоба іске қосылады. Құны — 2 миллиард 855 миллион 647 мың теңге. Ал «Ақпарат толқыны» аясында мәліметтер таратылып жатыр. Бұл атқарылатын жұмыстардың барлығы болашақ педагог кадрлардың ғылыми потенциялының дамуына, ойларының қалыптасуына өз септігін тигізеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұратын паш ету. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.

Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкі-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ. Сондай-ақ«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне танытатын көптеген таланттарға жол ашады.

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі болады.

Сондай-ақ, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған құжат деп білеміз. Мақаланы оқи отырып, оның әрбір сөйлемінде бүгініміз бен болашағы жарқын Қазақстанға апаратын нақты жоспар, мақсат көрсетілгені түсінікті. Елімізде әлеуметтік – экономикалық, саяси реформалар жақсы жүзеге асуда. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс.

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің  күші  мен найзаның  ұшы  керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант  пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек.

Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуыкерек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шеттілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш  тілде білім беру», «Мәдени және конфессия аралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды яғни  барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. 

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Барша қазақстандықтар, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді».

Бәсекеге қабілеттілік басым заманда, қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Прагматизм, біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

Ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Білімнің салтанат құруы білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа, эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

Сананың ашықтығы біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.

Рухани жаңғыру жарқын болашаққа бағдар жолында маңызды қадам болып табылады. Әрбір қазақстандық оны түсінуі керек. Және бұл идеяны халық арасына кеңінен тарату қажет.

Сүндет Смаханұлы