10 мам, 2018 сағат 17:01

Ұлттық музей Елорданың 20 жылдығына ерекше дайындық үстінде

Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына ҚР Ұлттық музейі өз дәрежесінде атсалысатын болады.

Айтулы мерекеге орай 2018 жылғы 7 маусым күні Ұлттық музейінде «Третьяков галереясы топтамасынан ХХ ғасырдың 50 жауһары» атты орыс сурет өнері туындыларының көрмесі ашылады. Көрмеге «Қиық балта» көркемсурет бірлестігіне кіретін орыс авангардының әлемге танымал суретшілерінің туындылары ұсынылады. 

Көрме 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

***

2018 жылғы 15 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Моғолдар. Тарих жәдігерлері» атты көрме ашылады.

«N. Sethi Foundation» Британдық комерциялық емес қайырымдылық қоры коллекциясынан жасақталған бұл көрме көрермендер назарына Ұлы Моғол мемлекетінің құрылуымен, дамуымен және билеушілерімен таныстыратын жәдігерлер ұсынады.

Көрме 2018 жылдың 16 қыркүйегіне дейін жалғасады.

***

2018 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Гран-Пале – Францияның Ұлттық музейлер бірлестігеннен келетін «Поль Серюзье және Бретань: аңыздар сиқыры» бейнелеу өнері көрмесі ашылады.

Аталмыш көрмеде атақты постимпрессионист Поль Гогеннің шәкірті Поль Серюзьенің картиналары қойылады.

Көрме 2018 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

 ***

Биылғы жылы Астана тұрғындары мен қала қонақтарын Ұлттық музейде осындай ғажаптар күтіп тұр. Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Бейбітшілік қаласына» 20 жылдық мерейтойына арнаған тартуы болмақ!

Келіңіздер, көріңіздер!