13 қыр, 2024 сағат 11:54

Ұлттық құрама спортшыларының 13 қыркүйекке арналған жарыс кестесі


Бүгін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының соңғы жарыс күні. Ұлттық құрама спортшыларының 13 қыркүйекке арналған  жарыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Бүгін бәйгеден жүлделер сарапқа салынады: Ұшқыр бәйге (1600 метр, 2400 метр, 3200 метр), Жорға (9 км), Құнан бәйге (11 км), Топ бәйге (18 км), Аламан бәйге (25 км). Жарыс «Қазанат» ипподромында сағат 9.00-де басталады. 
Ал ипподром маңындағы этноауылда сағат 10.00-де теңге ілуден жеті құт сайысынан Бақыт Төлтай өнер көрсетеді.
Этноауылда сағат 10.00-де құсбегілік жарысы басталады. Қазақстандық құсбегілер бүркіт салудан жүлдеге таласады.
«Алау» мұз сарайында сағат 10.00-де қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан финалдық бөлім басталады. Қазақстан құрамасы алтын жүлде үшін күреседі.
«Думан» қонақ үй және спорт кешенінде сағат 10.00-де түрік халқының зияткерлік ойыны мангаладан сайыс басталады. Мангаладан ұлттық құрама сапында Айкерім Қуанышбекова, Құндыз Есіркеп, Азамат Қайдаров және Биғали Зкиряев сынға түседі.