Фото: viires.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл ретте Мемлекет басшысының өкімімен Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымынан босатылды.