12 мау, 2020 сағат 13:07

Ұлттық қорға түскен 4,5 трлн теңгенің жартысы мұнай секторынан келген

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның ұлттық қорына былтыр 4,5 трлн теңге қосылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қор қаражаты шамамен 27,5 трлн теңгені немесе 65,5 млрд долларды құрады. Өткен жылы Ұлттық қорға шамамен 4,5 трлн теңге, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар түсімдері есебінен 2,8 трлн теңге түсті», - деді Ерұлан Жамаубаев Қаржы министрі ОКҚ алаңында өткен халық алдында есеп беру кездесуінде. 

Министр сонымен қатар, Үкіметтің есептілігі мен ашықтығының басты көрсеткіштерінің бірі – «Ашық бюджет» тұжырымдамасын іске асыру екенін айтып өтті.

«Оны енгізудің мақсаты - азаматтарға бюджет процесімен танысуға және бюджет қаражатының шығыстарын талқылауға қатысуға мүмкіндік беру. 

«Халықтың бақылауындағы бюджет» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық бюджетті түзу және ұсыну, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу мәселелері нормативті тұрғыда реттелген. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында 100 млн теңгеге 14 жоба бойынша пилот өткізілді. Биыл 600 млн теңгеге жуық сомаға Нұр-Сұлтан қаласында (барлық аудандар) және 1,4 млрд теңгеге Алматы қаласында (8 аудан) пилоттық жобалар енгізіледі», - деді ол.