17 жел, 2024 сағат 18:06

Ұлттық қорда қанша қаражат бар?


Фото:ehistory.kz

Қараша айында Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері 105 млрд долларға жетті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Жалпы халықаралық резервтердің өсуі Сүлейменовтің айтуынша, жыл басынан бері резервтер 9,5%-ға ұлғайған. Оның ішінде: Ұлттық банктің алтынвалюта резервтері 23%-ға өсіп, 44,2 млрд долларды құрады.
Ұлттық қордың активтері 1,3%-ға артып, 60,8 млрд долларға жетті.

Ұлттық қордың негізгі көрсеткіштері:

Қорға түскен қаражат: 3,7 трлн теңге.
Республикалық бюджетке трансферттер: 5,3 трлн теңге.
Инвестициялық табыс: 9,5% (5,7 млрд доллар).

Инфляция және ақша-кредит саясаты:

Ұлттық банк инфляцияны 5%-дық мақсатты деңгейге жеткізу үшін қатаң ақша-кредит саясатын ұстанатынын атап өтті.

"Әлемдік азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі аясында 29 қарашада базалық мөлшерлеме 15,25 пайызға дейін көтерілді. Қараша қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8,4 пайыз деңгейінде қалыптасты, оған азық-түлік тауарлары бағасының баяулауы әсер етті", – деді Тимур Сүлейменов.