08 қаң, 2026 сағат 11:46

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасының төлемі қашан түседі?

Фото: Ашық дереккөз


«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған қаражат қашан түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.


БЖЗҚ мәліметінше, заңнамаға сәйкес биыл 1 ақпанынан кешіктірілмей қаражат аударылады.


«2008 жылы туған азаматтардың шоттарына мақсатты жинақтарды аудару 2026 жылғы 1 ақпанынан кешіктірілмей жүзеге асырылады. Олар 18 жасқа толғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл қаражатты мақсатты түрде пайдалана алады», - делінген хабарламада.


Қор мәліметінше, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балық бала (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) «Ұлттық қор - балаларға»бағдарламасына енгізілген және оның қатысушылары болып саналады.