Бүгінгі таңда жер мәселесі, жерді шетелдіктерге сату мәселесі және жер қатынастары мәселесі кезек күттірмейтін негізгі мәселелердің бірі екені сөзсіз. Естеріңізде болса, жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау мақсатында Ұлттық кеңес құрылған болатын. Осы орайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалдауға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Парламентке жіберді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі Twitter парақшасында жазды. Ол жазбасында былай делінген:
«Бүгін мен өзімнің Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығымды пайдаланып, жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдадым. Парламент оны белгіленген регламентке сәйкес қарастырып, тиісті шешім қабылдайды», - деп жазды Мемлекет басшысы.
Осы орайда Ұлттық кеңестің күн тәртібінде басты орында тұрған жер қатынастары мәселесі өзекті екенін атап өткен жөн. Бұл турады ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында Жер қатынастары мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің күн тәртібінде екенін ашық жазды.
«2021 жылы 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіннің бесінші отырысында Мемлекет басшысы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салуды заңмен бекітуді тапсырды. Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің заңнамалық бастамасы аясында заң жобасын дайындау қажеттілігіне назар аударды. Ұлттық кеңес отырысынан кейін Президент Әкімшілігі бірден тиісті жұмыстарды бастады. Заң жобасы тезірек дайындалып, мақұлданды», - деп жазды Ерлан Қарин.
Осы орайда айта кетейік, Жер қатынастары мәселелері Ұлттық кеңестің алғашқы жұмыс күнінен бастап күн тәртібіндегі басты орынның бірін иелен. Сондықтан, Президенттің ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салу туралы шешімі ҰҚСК алаңында жарияланды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салуды қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын жолдағанын айтты.
Осы орайда айта кетейік, Қазақстан прездиденті жанынан құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жер мәселесі үнемі қаралып, талқыналып отырады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерін сату және жалға беру мораторийі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің алаңында заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылған болатын. Ал жерді шетелдіктерге сатпау жөнінде Ұлттық кеңестің алдыңғы отырыстарының бірінде Президенттің өзі нақты шешім қабылдаған еді.
Дәл осындай мәселелерді көтеріп, Ақордаға ұсынып отырған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі ережесі мен құрамын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 17 шілдеде бекіткен болатын.
Айта кетейік, Ұлттық кеңестің негізгі мақсаты – жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге жерді сатуға, жалдауға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Парламентке жіберді. Ал ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің күн тәртібінде басты орында тұрған жер қатынастары мәселесі өзекті екенін атап өтті.