ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ұлттық кеңес туралы басылым дайындады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (KAZISS) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғанына бір жыл толуына орайластырып «ULTTYQ KEŃES: Хроникасы. Ерекшеліктері. Нәтижелері» атты басылымын дайындады.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бұл Жарлыққа 2019 жылғы 12 маусымда еліміздегі ең жоғарғы саналатын - Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми қабылданған күні қол қойғаны белгілі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінқұру Президент Қ.К.Тоқаевтың өзінің сайлауалды уәделерін тиімді қоғамдық диалог қалыптастыру бөлігіндегі орындауының айқын дәлелі, сондай-ақ Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының дамуының жолашары болды.
«ULTTYQ KEŃES: Хроникасы. Ерекшеліктері. Нәтижелері» кітабы құрамына экономика, адам құқықтарын қорғау салаларындағы танымал сарапшылар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен мәдениет қайраткерлері кіретін маңызды консультативтік-кеңесші орган ретінде таныта білген Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының бірінші жылының нәтижелеріне арналады.
Кітапта мемлекет пен қоғам диалогының қалыптасуы мен институттандыруының әлемдік тәжірибесі көрсетілген. Азаматтарды шешім қабылдау үдерісіне тарту бойынша Ұлыбритания, Канада, Франция және Ресейде өз тиімділігін дәлелдеген сұхбаттасу алаңдары мысал ретінде қарастырылады.
Қазақстандағы әртүрлі консультативтік-кеңесші органдар қызметінің өткеніне шолу жасай отырып, талдау жүргізілді. Авторлардың айтуынша, саяси қозғалыстар мен партиялардың, қоғам қайраткерлерінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жүйесі тұрақты қозғалыста болып, өзекті күн тәртібіне жауап береді. Қоғам мен билік арасындағы диалогты институттандыру үдерісінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінқұру түбегейлі жаңа сипатқа ие.
Басылымда ұсынылған материалдардың көп бөлігі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен бір жыл ішінде үш кеңес отырысы өткен тікелей ҰҚСК-нің қызметіне арналған. Кеңес отырыстары барысында айтылған бастамалар, сондай-ақ әлеуметтік қамтамасыз ету, экономикалық реформа, адам капиталының деңгейін көтеру, мемлекеттің басқару жүйесін реформалау және басқа да қоғамдық маңызды мәселелерге қатысты қабылданған реформалар легі кітапта көрініс тапты.
Басылымның редакциялық алқасының төрағасы, ҚСЗИ директоры Зарема Шәукенова авторлық ұжымның атынан Президент кеңесшісі – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің хатшысы Е.Т.Қаринге кітапты дайындау туралы идеясы үшін және оны іске асыруда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтына сенім артқаны үшін алғыс білдіреді.
Институт басшылығы хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ «ULTTYQ KEŃES: Хроникасы. Ерекшеліктері. Нәтижелері» кітабының тұсаукесерін алдағы уақытта ҰҚСК мүшелерінің, сарапшылар қауымдастығының, азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Институт қабырғасында міндетті түрде өткізіледі.