Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 10 жыл бойы ипотекалық несие төлегенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мен өзімді жаспын деп айтала аламын. Өткен жылы өз 10-жылдық ипотекалық несиемді төлеп бітірдім. Мен оны 2008 жылы алып, былтыр төлеп аяқтадым және де бұл қиын болады. Жастарға айтарым: әрдайым өз мүмкіндіктеріңді жан-жақты қараңдар. Біздің менталитетке сай өз үйің болу керек және әрине бұған міндетті түрде ұмтылу қажет. Бірақ, сен байлауда боласың, мерзімнің соңында не ортасында психологиялық жағынан шаршайсың. Себебі, өз айлық табысыңның көп бөлігін ипотекаға беруге міндетті боласың. Сондықтан, меніңше кейде жалға берілетін баспанаға да басқа көзбен қарау керек. Себебі, жұмысыңа байланысты бүгін сен Атырауда, ертең Павлодарда, одан арғы күні Алматыда жүруің мүмкін. Бір қалаға барып, 2-3 жыл тұрдың делік, бұл қалада баспана саған не керек, мүмкін сен әрі қарай басқасына барасың. Бастысы тұрғын үй сапалы болуы тиіс. Сол себептен баспана мәселесінде тек ипотекаға қараудың қажеті жоқ. Ипотеканы барынша арзандату керек, дегенмен біз өз мүмкіндіктерімізді дұрыс бағалай алмай, қиын жағдайға тап болуымыз мүмкін», - деді Сүлейменов Сенатта өткен Жастар саясаты жөніндегі дөңгелек үстелде.
Атап өтсек, бүгін Сенатта «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және Жастар жылын өткізу аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың алдында тұрған міндеттер туралы» дөңгелек үстел өтті.
Шараға қоғамдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, ақпарат және коммуникациялар, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерінің, Астана және Алматы қалаларының, бірқатар облыстың басшылары, жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
Шара барысында Жастар жылының ашылуы кезінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың көтерген бастамаларының жобаларын іске асыру мәселелері қаралды. Пікірсайыс жастардың жұмысқа орналасуы мен тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, жеткіншек ұрпақтың білім алуы мен тәрбиесі секілді өзекті мәселелерге арналды. Әзірленген ұсыныстар жастар мәселелері жөніндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталмақ.