Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің отставкасын қабыл алды.
"Мемлекет басшысы Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевтың отставкасын қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен Ұлттық банктің төрағасының кандидатурасын келісуге келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл қызметке Ерболат Досаевтың кандидатурасын ұсынды. Ол қызмет еткен жылдары өзін білікті қаржыгер ретінде көрсете білді. Мен Сіздерден келісімдеріңізді берулеріңізді сұраймын", - деді сенаттың отырысында президент әкімшілігінің жетекшісі Әсет Исекешев.