Жанат Құрманов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Бостанұлы Құрманов Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.
Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімімен Есжан Амантайұлы Біртанов ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.