13 қар, 2019 сағат 07:20

Девальвацияға қатысты ешқандай дайындық шаралары жоқ - Досаев

ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда девальвацияға қатысты тарап жатқан қауесетке жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Парламент Мәжілісінде тілшілер Ұлттық банк төрағасынан девальвация болуы мүмкін екені туралы қауесет тарап жатқанын, осы орайда бұндай жағдайдың қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

Өз кезегінде, Досаев бұл қауесетке сенуге ешқандай негіз жоқ екенін атап өтті.

«Девальвацияға қатысты ешқандай дайындық шаралары жоқ», - деді ҰБ төрағасы.