05 мау, 2025 сағат 15:29

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық тәуекелдерге байланысты базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде қалдырды. Мамыр айында инфляция 11,3%-ға жетті. Баға өсіміне қызмет көрсету мен азық-түлік бағасының қымбаттауы себеп болды, деп хабарлайды Ult.kz.

2025 жылы инфляция 10,5–12,5%, 2026 жылы – 9,5–11,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр. Сонымен қоса, экономика өсімі 2025 жылы 5–6% деңгейінде болады делінген. 

Базалық мөлшерлеме жылдың соңына дейін өзгеріссіз қалуы мүмкін.