26 қаң, 2021 сағат 08:57

Ұлттық банк басшысы биылғы инфляция деңгейі туралы айтты

Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2021 жылдағы инфляция деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2021 жылы Ұлттық банк инфляцияны ағымдағы 7,5% деңгейінен 4-6% нысаналы дәлізіне қайтару міндетін қойып отыр. Орта мерзімді перспективада бұл Сіздің Nur Otan партиясының ХХ съезінде айтқан инфляцияның 3-4 пайыздық мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді Е. Досаев Мемлекет басшысына қарата айтқан сөзінде.

«Бұл үшін Ұлттық банк Сіздің тапсырмаңыз бойынша мемлекеттің макроэкономикалық саясатының тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар көзделетін Ақша-кредит және макроэкономикалық саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясын әзірледі», - деді ҰБ басшысы.