24 жел, 2020 сағат 08:22

Ұлттық банк 2021 жылы еліміздегі экономикалық өсімге болжам жасады

Қазақстан Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты туралы тоқсан сайынғы есеп жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«2021 жылы экономикалық өсім 3,7 - 4,0% құрайды, 2022 жылдың бірінші жартысында шамалы бәсеңдеу болады», - делінген хабарламада. 

Жылдық инфляция 2021 жылдың аяғында мақсатты 4-6% деңгейінің жоғарғы шегіне дейін біртіндеп баяулайды деп болжануда.

Айта кетсек, Ұлттық банктің болжамдары бойынша, 2020 жыл қорытындысы бойынша жылдық инфляция 7,3-7,5% деңгейінде болады.

Сонымен қатар, орта мерзімді перспективада 2020 жылғы төмен базаның және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп қалыпқа келуіне байланысты экономиканың оң өсу қарқындарының қалпына келуі байқалады.