Футболдан UEFA Ұлттар лигасы бесінші турының екінші ойын күні өтті. Бұл туралы ULT.KZ, kaz.inform.kz ке сілтеме жасап хабарлады.
Фото: sports.kz
Екінші ойын күнінде А лигасы бірінші тобында сынға түсіп жатқан Португалия өз алаңында Польшаны 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Кездесу барысында Криштиану Роналду 72, 87-минутта қос голдың авторы атанды. Сондай-ақ Рафаэл Леау 59, Бруну Фернандеш 80, Педру Нету 83-минутта мергендік танытты. Оған польшалық футболшылар небәрі бір голмен жауап қайырды.
Аталған топта Шотландия құрамасы Хорватияны 1:0 есебімен жеңді.
Ал А лигасы төртінші топта Дания Испанияға 1:2 есебімен жол берсе, Швейцария мен Сербия 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ С лигасы екінші тобында Кипр Литваны 2:1 есебімен жеңсе, Румыния мен Косово кездесуі бірінші кезеңнен кейін тоқтатылды.
С лигасы үшінші тобында Солтүстік Ирландия Беларусьті 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Люксембург Болгарияға 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
D лигасы бірінші тобындағы Сан-Марино мен Гибралтар 1:1 есебімен тең түсті.
Еске салсақ, аталған турнирдің В лигасы үшінші тобында ойнайтын Қазақстан құрамасы Аустриядан жеңіліп қалды.
Бүгін Ұлттар лигасында бесінші турдың үшінші ойын күні жалғасады.