02 жел, 2020 сағат 12:30

Ult.kz сайтында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Ұлт порталы – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-әдеби, ақпараттық-сараптамалық тәуелсіз интернет-басылым. Сондай-ақ, қазақ оқырманына ашық әрі сан қырынан талданған, салмағы мен сапасы ұштасқан өзекті материалдарды өз уақытында ұсынып, елді толғандырған маңызды мәселелерге қатысты көкейтесті тақырыптар көтеріп жүрген бірден-бір ақпарат алаңы.

2020 жылғы 21 қазандағы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы №29/334 Қаулы мен “Сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес, Ult.kz тәуелсіз интернет-басылымының меншік иесі – «Ult Media» ҚҚ сайлауға қатысатын саяси партияларға Ult.kz сайтында сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыруға мүмкіндік береді. 

Осы орайда «Ult Media» ҚҚ партиялық тізіммен сайлауға түсетін кандидаттарға Ult.kz сайтында үгіт-насихат материалдарын жариялау шарттары мен ақысы туралы хабарлайды.

Сайттан орын ұсыну туралы келісім үміткер партия мен сайттың меншік иесінің арасында жазбаша түрде жасалады.

Үгіт-насихат материалдарын сайт бетіне орналастыру үшін үміткер партия немесе оның сенімді өкілінен жазбаша өтініш түсуі шарт. Келісім-шарт жасалуы үшін мына құжаттар қоса ұсынылуы шарт:

  1. Партиялық тізімді ұсынылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның сенімді өкілі екенін растайтын құжат көшірмесі;
  3. Үміткер партия немесе оның сенімді өкілінің үгіт-насихат материалдарын газет немесе сайтқа жариялауға келісімі мен қол қойылған мерзімі;
  4. Жазбаша өтініште үгіт-насихат материалының көлемі мен түрі туралы көрсетілуі шарт;
  5. Дайын үгіт-насихат материалы берілген жағдайда, мәтіннің қағазға шығарылған нұсқасында сенімді өкілінің қолы қойылып, мәтіні электронды тасымалдағышта ұсынылуы тиіс.
  6. Өтініш беруші саяси партияның сенімді өкілінің жеке куәлігі де қоса ұсынылады.

Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастыру 2020 жылғы 11 желтоқсан күні таңғы сағат тоғызда басталып, 2021 жылдың 8 қаңтарында сағат 23.59-да аяқталады.

Саяси партиялар немесе олардың сенімді өкілдері үгіт-насихат материалдарын сайтқа дайын түрде жарияланымнан үш сағат бұрын беруге тиіс.

Егер мәжіліске үміткер партия сайлауалды бағдарламасында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, рулық, тектік-топтық, ұлттық, діни араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскери әскери құрылымдар құру идеяларын уағыздау бар болатын болса, сайт үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Ult.kz тәуелсіз интернет-басылымында үгіт-насихат материалдарын  орналастырудың ақысы

Дайын үгіт-насихат материалдарын жариялау ақысы

 

 

Материалдың түрі

 

 

Мерзімі

 

Шарты

 

Бағасы

Мақала

(2500 белгіге дейін)

1 тәулік

Тиісті айдардың басты бетінде

 

 

170 000 теңге

 

 

 

 

Сұхбат (2500 белгіге дейін фотомен)

 

 

1 тәулік

Тиісті айдардың басты бетінде

 

 

170 000 теңге

 

 

 

 

Ақпарат немесе хабарландыру 

(2500  белгіге дейін)

 

 

1 тәулік

Тиісті айдардың басты бетінде

150 000 теңге

 

Жарнамалық-ақпараттық материалдарды дайындау ақысы

 

 

Материалдың түрі

 

 

Мерзімі

 

Шарты

 

Ақысы

 

Хабарландыру немесе ақпарат (2500  белгіге дейін)

 

3 тәулік

 

Бастапқы беттегі тиісті айдардың басты бетінде

 

180 000 теңге

Мақала

(2500 белгіге дейін)

3 тәулік

Бастапқы беттегі тиісті айдардың басты бетінде

 

180 000

теңге

 

 

Сұхбат 

(2500 белгіге дейін)

3 тәулік

Бастапқы беттегі тиісті айдардың басты бетінде

 

230 000

теңге