03 нау, 2021 сағат 16:56

Үлкен тойлар жасамауға, ірі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырмауға шақырамыз - министрлік

ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов наурыз айында КВИ-дің таралу үрдісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Орталық коммуникациялар қызметінде наурыз-сәуір айларында коронавирустың таралуы көрсеткішіне қатысты сұрақ қойылды. 

«Жалпы, қазіргі және ақпан айындағы жағдайға қарап, наурыз және алдағы айда 15 мыңнан 20 мыңға дейін науқас болуы мүмкін деген есептеулер жасалып отыр. Дегенмен, барлығы өзімізге байланысты. Наурызда біраз мереке күндері қамтылған», - деп тоқталды бірінші вице-министр.

Осы орайда ол өткен Жаңа жылдық мерекелеуден кейінгі екі аптадан соң бізде науқастардың саны көбейгенін атап өтті.

«Сондықтан үлкен тойларды жасамауға, ірі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырмауға шақырамыз. Наурыз мейрамын отбасы мүшелерімен ғана атап өткен дұрыс болады. Маска тағып, әлеуметтік қашықтықтықты сақтаған да абзал», - деді М. Шоранов.