Фото: parlam.kz
Орталық сайлау комиссиясы Украинадағы соғысты "арнайы операция" деп атап, Ресей президенті Владимир Путинді ашық қолдаған Азамат Әбілдаевты Мәжіліс депутаты өкілеттігінен айырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі Ұлттық Кеңесінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №1 қаулысының қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Азамат Рахатұлы Әбілдаевтың өкілеттіктерінің күші жойылды деп танылсын", - делінген Қаулы мәтінінде.
Еске салайық, "Ақ жол" демократиялық партиясының кеңесі экс-депутат Азамат Әбілдаевты партия қатарынан шығарған болатын.