Украинаның министрлер кабинеті коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі туралы анықтама ұсынатындарға елге кіруге рұқсат берді. Бұл туралы брифинг барысында Украинаның Денсаулық сақтау министрі Максим Степанов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Укринформға» сілтеме жасап.
«Шекара тізіміне қатысты өзгерістер енгізілді. Азамат қай елден келгеніне қарамастан, барлығы ПТР әдісімен тестілеу жөнінде анықтама ұсынуы қажет», - деді министр.
Тестің жасалған мерзімі Украинаға кірерден 48 сағаттан аспауы тиіс.
Укринформның мәліметінше, пандемия басталғалы елде коронавирусқа жалпы 1 565 732 адам шалдықты, жазылды – 1 268 886 науқас, қайтыс болды – 30 431 адам.