06 жел, 2022 сағат 08:34

Financial Times Владимир Зеленскийді "Жыл адамы" деп атады


Ұлыбританияның "Financial Times" басылымы Украина президенті Владимир Зеленскийді "Жыл адамы" деп атады.

Басылым Зеленскийді "украин халқының Ресей агрессиясына қарсы күресіндегі ерлігі мен төзімділігінің бейнесі" деп санайды. Сондай-ақ "Financial Times" Украина президентін "авторитаризммен күрестегі демократиялық әлемнің флагманы" деп сипаттаған.

Биыл 24 ақпанда Ресей күшпен басып кіргенде Киевтен қашып кетпеген Зеленский "Мен - батыр емеспін, бірақ халық алдында жауаптымын. Адамды сатып кеткенді жек көремін" деп түсіндірген. 

2021 жылы "Financial Times" басылымы миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының жетекшісі Илон Маскті "Жыл адамы" деп атаған.