Фото: ашық дереккөз
АҚШ пен Украина арасындағы экономикалық әріптестік туралы тарихи келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Ult.kz.
"Президент Трамптың тұрақты бейбітшілікті қамтамасыз ету жолындағы тынымсыз күш-жігерінің арқасында мен АҚШ пен Украина арасындағы экономикалық әріптестік туралы бүгінгі тарихи келісімге қол қойылғанын қуанышпен хабарлаймын. Бұл келісім АҚШ пен Украинаның Қайта құру инвестициялық қорын құруды көздейді", — деп мәлімдеді АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент.
Оның айтуынша, бұл ресурстық келісім "Ресейге Трамп әкімшілігінің ұзақ мерзімді перспективада еркін, егемен және өркендеген Украинаны қолдайтын бейбітшілік процесіне адал екенін анық көрсетеді".
АҚШ президенті келісімнен "теория жүзінде 350 миллиард доллардан да артық пайда күтіп отырғанын" айтты.
Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко келісімнің негізгі тармақтарын атап өтті:
🔸 Ресурстарды бақылау және иелік ету құқығы Украинада қалады;
🔸 АҚШ пен Украина инвестициялық қорды тең дәрежеде басқарады;
🔸 Келісім жекешелендіру немесе мемлекеттік компанияларды басқару процесіне өзгеріс енгізуді қарастырмайды — олар Украина меншігінде қалады;
🔸 Құжатта Украина тарапынан АҚШ алдындағы қандай да бір қарыз міндеттемелері көрсетілмеген;
🔸 Келісім Украина Конституциясына сай және елдің еуроинтеграция бағытын өзгертпейді;
🔸 Қорға пайдалы қазбалардың маңызды түрлерін өндіру бойынша жаңа жобалардан ғана алынған лицензиялық табыстың 50%-ы бағытталады;
🔸 Қордың жұмыс істеуі үшін тек бюджеттік кодекске өзгерістер енгізу қажет, ал келісімді Жоғарғы Рада ратификациялауға тиіс;
🔸 АҚШ үкіметі DFC агенттігі арқылы Украинаға инвестициялар мен технологияларды тек АҚШ немесе ЕО елдерінен ғана емес, басқа мемлекеттерден де тартуға көмектеседі;
🔸 Қордың кірістері мен салымдары АҚШ-та да, Украинада да салық салынбайды;
🔸 Қор тек Украина аумағына ғана инвестиция сала алады;
