08 қыр, 2016 сағат 13:59

ҰҚК бұрынғы басшысы Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

ҰҚК бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Өкімімен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Осыған дейін Кәрім Мәсімовтің ҰҚК төрағасы болып тағайындалғаны хабарланған болатын. Ал Қазақстанның уақытша премьер-министрі болып Бақытжан Сағынтаев тағайындалды. 

Ұлт порталы