сурет ашық дереккөзден алынды
ҰҚК басшысының орынбасары, Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы даулы учаскелерге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі уақытта мемлекеттік шекарада даулы учаскелер жоқ. Қырғызстанмен, Қытаймен мемлекеттік шекара мәселесі толығымен жабылды. Түрікменстанмен ратификация жасалады, барлық мәселе шешілді. Өзбекстанмен, Ресеймен келіссөз жүргізіліп жатыр, онда тек Шығыс Қазақстан облысындағы таулы аймақтар қалды", - деді ҰҚК басшысының орынбасары Парламент Сенатының кулуарында.
Шығыс Қазақстанға қатысты жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр, жазбаша және нақты кезең бар, екінші кезеңде тараптар ол жерге барып, шекара өтетін нүктелерді анықтайды.
"Климаттық және ауа райы жағдайы, жер бедері ескеріле отырып, жұмыстар ақырындап ілгері жылжып жатыр. Өткен жылы Шемонаиха ауданында, Абай облысында аяқталды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 50 процент қалды. Ұзындығы үш жүз шақырымға жуықтайды", - деп нақтылады Алдажұманов.
2022 жылдың 14-19 қарашасы аралығында Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері делегацияларының 100-ші отырысы өтті. Сол кезде Қазақстан мен Өзбекстан арасында жақын арада мемлекеттік шекара мәселесі жабылатыны хабарланды.