Бүгін Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша 3,6 мың несие берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2018 жылдың 1 шілдесінен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы басталды. Бүгінде 43, 7 млрд теңге сомасына 3 600 несие берілді. Жалпы 92 млрд теңгеден астам мөлшерде өтінімдер келіп түсті», - деп нақтылады Премьер-Министр орынбасары.
Еске салайық, Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтіп жатыр.