17 қар, 2016 сағат 10:13

Үкіметаралық кеңес отырысына қатысуда

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің жұмысына қатысуда, деп хабарлады Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Отырыс барысында ЕАЭО кеңістігінде дәрі-дәрмек айналысы саласын реттейтін құжатқа қол қою жоспарлануда. Аталған құжаттың қабылдануы дәрі-дәрмек нарығындағы жалпы айналымды тиімді ретке келтіріп, жұмыспен қамтуға, контрафактілік өніммен күресуге, дәрі-дәрмектердің сапасын арттыруға және олардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.

ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары отырысының негізгі қаралатын мәселесі – Кеден кодексі жобасын қабылдау мәселесін талқылау. Ол ұқсас халықаралық құжаттарды есепке ала отырып әзірленген. Отырыста Израиль мемлекеті ЕАЭО-мен ынтымақтастыққа мүдделі екендігін білдірді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды еліміздің одаққа төрағалық етуіне орай, Еура­зи­я­лық экономикалық одақтың үшін­ші елдермен және маңызды инте­гра­циялық бірлестіктермен эконо­микалық қарым-қатынасын нығайту жылы ретінде жариялаған болатын. Келе­сі жылы ЕАЭО төрағалығы Қазақстаннан Қыр­ғызстанға табысталады.