27 ақп, 2019 сағат 11:01

Үкімет пен әкімдер әлеуметтік проблемаларды популизмсіз шешуі тиіс

Үкімет пен әкімдер барлық әлеуметтік проблемаларды популизмсіз шешуі тиіс. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

«Үкімет пен барлық деңгейдегі әкімдер барлық әлеуметтік проблемаларды популизмсіз, көрсеткіш қумай шынайы шешуі тиіс», -  деп атап өтті Президент.

Осы ретте Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әрбір өңірінің стратегиялық маңызы бар екендігін баса айтты.

«Біз өмір сапасының жаңартылған өңірлік стандарттарына негізделген елдің жаңа картасын қалыптастыруға тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы.