15 сәу, 2025 сағат 12:38

Үкімет отырысында орман өртінің алдын алу бойынша дайындық шаралары талқыланды

Фото: Pexels.com

Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Кеген Тұрсынбаев өрт қауіпті маусымға дайындық және елдегі су тасқыны жағдайына ден қою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Ult.kz.

- Алдын алу іс-шараларының кешені әзірленіп, іске асырылуда;

- Ведомствоаралық жоспар бекітілді, шекара маңындағы мемлекеттермен өзара іс-қимылды қоса алғанда, табиғи өрттерге ден қою алгоритмдері түзетілді;

- Өңірлерде аумақтарды тазарту және жырту жұмыстары жүргізілуде, орманды дала алқаптарында профилактикалық жұмыстар жандандырылды;

- Өрт қауіпсіздігі талаптарының 475 бұзушылығы анықталды;

- «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және ГИС ЧС арқылы өрт жағдайына мониторинг жүргізілетін болады;

- ТЖМ Командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді;

- ТЖМ әуе топтамасы күшейтілді, орман алқабы бар өңірлерде әуе кемелері кезекшілік етеді;

- Ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылады. Күнделікті аэровизуалды ұшулар жоспарланған.

Олжас Бектенов өртке қарсы жұмысты ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

➤ Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін табиғи өртке қарсы республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу тапсырылды;

➤ Экология министрлігінің алдына әкімдіктермен бірге табиғат қорғау және орман шаруашылығы мекемелерін одан әрі жарақтандыру жұмыстарын жалғастыру міндеті қойылды;

➤ Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Қазақтелеком» компаниясымен бірлесіп, өртті ерте анықтау және өршу жағдайын,  сондай-ақ оны сөндіру алгоритмдерін модельдеу жүйелерінің  қамту ауқымын ұлғайту;

➤ Әкімдіктер елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құрылымдарды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруы, өңірлерде авиацияны тарту үшін жанар-жағармай материалдарының қажетті қорын қамтамасыз етуі,  биыл 10 мамырға дейін  өрт сөндіру көліктері мен тікұшақтарға қажетті су көздерін дайындауы қажет;

➤ өрт қаупі жоғары кезеңде ішкі істер министрлігіне демалушылардың орманда болуына тыйым салу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды;

➤ Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және ақпарат министрліктері, әкімдіктер – өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәселесі бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырсын.