30 шіл, 2020 сағат 10:42

Үкімет кәсіпкерлердің несие төлемдерін 1 қазанға дейін шегеру мүмкіндігін ұсынбақ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында кәсіпкерлердің несие төлемдерін 1 қазанға дейін шегеру мүмкіндігі туралы айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ең көп зардап шеккен салалардағы шағын және орта субъектілеріне мемлекеттік қолдау шарасы ретінде несие төлемдерін осы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады. 

Премьер-Министр бизнес субъектілерінің қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітуді, сондай-ақ азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық ережелерді сақтауына тиісті бақылау жасауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантиндік шараларды ұзарту және карантиннен кейінгі кезеңге дайындық жөніндегі тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды.