Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook-тегі парақшасында жазды.
«12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды.
Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализде вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-Министрі тест тапсырды, оның нәтижесі — теріс.
Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді.
Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда, дегенмен бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады», делінген хабарламада.