27 мау, 2021 сағат 06:29

UFC: Шавкат Рахмонов екінші жеңісіне қол жеткізді (Видео)


UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (13-0) UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, бразилиялық Мишель Празересті (26-3) жеңді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл айқас Лас-Вегас қаласында өтіп, 26 жастағы отандасымыздың жеңісімен аяқталды. 

Бірінші раундта Рахмонов қарсыласын бақылап, әлсіз тұстарын анықтады. Алғашқы раунд барысында қазақстандық спортшы бір тейкдаун жасап, раундты өз пайдасына аяқтады. 

Ал екінші раундта Шавкат өте белсенді бастап, қарсыласын қылғындырып тастады. Осылайша ол UFC ұйымындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті.