Жартылай орта салмақта UFC чемпионы титулына бұрынғы үміткер Стивен Томпсон Шавкат Рахмоновпен сегізбұрышты бөлісуге дайын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Бұл қызық болды. Соңғы жазбамның астына ол шыққан елдің бүкіл халқы хат жазды. Бұған дейін 18-ге жуық пікір жазылатын, бірақ сол жекпе-жектен кейін (Рахмонов пен Мэгни - еск.) олардың саны 300-ден асты. Онымен шығуды ұсынып, жалау эмодзи жіберді (Қазақстан туы - еск.). Барлық пікір ағылшын тілінде нашар жазылған", - деді Томпсон Youtube-арнасында.
Америкалық боксшы Шавкат Рахмонов Хорхе Масвидаль мен Ник Диасты да жекпе-жекке шақырғанын айтты.
"Менің ойымша, төртеуміз үш жекпе-жектен тұратын шағын турнир өткізсек болар еді. Рейтингте кім қалатынын көреміз - жеңілгендер шығады. Маған бұл идея ұнайды. UFC, ұйымдастырыңыздар! Менің ойымша, бұл өте керемет болады. Шағын турнир", - деп қосты ол.
Шавкат Рахмонов өткен демалыс күндері Нил Мэгниді жеңгеннен кейін UFC жартылай орта салмақтағы жаңартылған рейтингінің алғашқы ондығына енген болатын.
1608 рет оқылды